Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 2006 жылдың 5-шілдесінде Екетеринбург-Алматы тас жолының 859-шықырымында таңғы сағат 6 шамасында болған. "МАН" жүк көлігінің жүргізушісі тізгінде отырып қалғып кету салдарынна жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Алматыдан Павлодарға бағыт алған "Вольво" жолаушылар тасымалдайтын автобусымен соқтығысқан. Автобуста негізінен Алматыдан тауар алып бара жатқан саудагер әйелдер болған.
Соққы салдарынан автобус өз бағытынан жаңылып, жол шетінде тұрған "КамАЗ-ға" барып соғылады. Жол апатынан 14 адам қаза тапты. 12 адам, соның ішінде үш бала әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Сот тергеуі С. Әкімбаевтың ҚР Қылмыстық кодексінің 269 бабының 3 тармағында қаралатын қылмысты жасаған кінәсін толық дәлелдеді. Шет ауданы сотының 2006 жылдың 7-қарашасындағы үкімімен С. Әкімбаев бес жылға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті