"Жексенбідегі 17.00 жағдаймен аусыл дертін жұқтырған малдардың саны 47-ге жетті",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Естеріңізге сала кетейік, аусыл дертін жұқтырған алғашқы 38 бас Кеңгір ауылында 19-сәуірде анықталған болатын. Диагнозды "Республикалық мал дәрігерлік зертхана" РМКК Жезқазған аймақтық бөлімшесінің зертханасы қан сынамасын тексеру жолымен растады.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта аусыл дертін жұқтырған 25 мал өртелген, қалғандары бөлектеніп ұсталуда.
Қазір індет ошағында мал-дәрігерлік - санитарлық ережелерге сәйкес ауылда шектеу шараларын жүргізілуде. Сонымен қатар, Кеңгір ауылында 899 ірі қараға және 1100 ұсақ малға індетке қарсы вакцина егілген. "Тұрғындар арасында мал аусылы індетінің алдын-алуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде",- деп қосты төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті