«Қарағанды облысында тасқын қаупі бар кезеңде төтенше жағдайларды ескерту бойынша жұмыстар жалғасуда. Оскар ауданындағы Құндызды өзенінде инженерлік техниканың көмегімен мұздың кептелуі жойылды. Сондай-ақ, Қарғалы, Сабырқожа өзендерінде, Батпақ тоғанында жару жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.
Су қоймаларының маңындағы елді-мекен тұрғындарына тасқын қаупі туралы хабарланған. Жиындар өтіп, ескертпелер таратылуда.
Ведомствоның ақпаратынша, облыста су қоймаларының жағдайы тексерілуде, дамбаларда тиісті істер атқарылуда.
«Қауіпті нысандарда кезекшілік ұйымдастырылды. Су деңгейі үнемі тексерілуде» делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.