Қарағанды облысындағы кеншілер қазасы: полиция қылмыстық іс қозғады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Абай шахтасындағы төтенше оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Қарағанды облысының  полиция департаменті.

"Абай ауданындағы шахтада метанның таралуына байланысты қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады полиция.

"Екі және одан да көп адамның өліміне алып келген тау және құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.


Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы да қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты.