Қарағанды облысындағы көмір кеніштерінің бірінде тау жыныстарының құлауы салдарынан екі адам мерт болды

Қайғылы оқиға 29-желтоқсанда 21 сағат 45 минутта №73 көмір кенішінде болған. 27 жастағы учаске мастері мен 35 жастағы жүргізуші үйінді астында қалды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінң ақпаратына сәйкес, қаза тапқандардың мәйітін үйінді астынан шахта жұмысшылары шығарып алды.