Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Абай қаласында "А" гепатитінің эпидемиясы 2004-жылғы тамыз айында басталған. Аурудың белең алуына әбден шіріп, тозығы жеткен құбырлар арқылы жіберілген ауыз су себепкер, жалпы ауыз су тапшылығы себепкер болған. Ресми мәлімет бойынша, эпидемия кезінде 663 адам, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 271 бала жұқпалы дертке шалдықты.
Мамандардың айтуынша, қазіргі жағдаймен қалада гепатитке шалдығу деңгейі көп жылғы орташа көрсеткіштен аспайды. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбасары Ислам Тоғайбаевтың бұйрығымен жұқпалы гепатиттің етек алуына байланысты енгізілген карантиндік және төтенше шаралар тоқтатылды.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің мәліметі бойынша, 2005-жылғы қаңтар айының бастапқы бес күнінде Абайда "А" гепатитіне шалдығу оқиғасы бір мәрте ғана тіркелді.