Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, гепатиттің "А" түрі оқушылар арасында тіркелген. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Аликованың айтуынша, 7-қыркүйек, сейсенбіде Абай қаласында гепатитке шалдыққан сегіз бала анықталған, ал сәрсенбіде тағы екі бала ауруға шалдықты. Мамандар балалар жазғы демалыс кезінде ауруды жұқтырып, ол енді ғана көрініс беріп отыр деген пікірде.
Қазір Абай қаласында эпидемияға қарсы төтенше комиссия жұмыс істеп, штаб құрылған. Зертханалық тексеру арқылы ауыз су сапасына күнделікті бақылау жасалуда. Санитарлық дәрігерлер мен педиатрлар ауыл-үйлерді аралауда. Абай қаласының барлық мектептерінде аурудың таралуына жол бермеу үшін гепатиттің алдын алу туралы ата-аналар жиналысы өткізілді.