Қарағанды облысының Абай қаласында вирусты гепатит жұқтырғандар саны 148-ге жетті

Сөйтіп, ауру етек алғаннан бері (2-қыркүйек) вирусты гепатитті жұқтырғандар саны 148 адамға жетті, олардың 103-і балалар мен жасөспірімдер.

Қазіргі жағдаймен Абай қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына вирусты гепатит деген диагнозбен 110 адам жатыр. Қалалық аурухананың бас дәрігері Ақылбек Төлекиннің айтуынша, науқастардың көпшілігінің жағдайы ауыр және орташа ауыр деп бағалануда. Ауыр жағдайдағы бір науқас Қарағанды қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтілді.
Қазір Абай қаласында эпидемияға қарсы төтенше комиссия жұмыс істеп, штаб құрылған. Аурудың белең алу себептерін анықтауға бағытталған қызмет бабындағы тексеру жүргізілуде. Мектептердегі санитарлық тәртіп күшейтілді. Кабинет жүйесі алып тасталды. Тамақ дайындау бөлімдері жаппай жабылды.