Қарағанды облысының әкімдігі мен түріктің Эскишехир провинциясы ынтымақтастық туралы келісім бекітті

«Қарағанды облысында шетелдік капиталдың қатысуымен 1300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, оның 111-і түрлі қызмет саласындағы түрік әріптестердің қатысуындағы кәсіпооындар», - дейді Н.Әбдібеков.

Аймақ басшысы атап көрсеткендей, Қарағанды облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады. Биылғы жығы тоғыз айдың қорытындысы бойынша сыртқы сауданың жалпы айналымы 5,5 млрд $-ға жетті, оның ішінде Түркиямен сауда айналымы - 72 млн 400 мың $, дейді облыс әкімі.

Кездесу барысында Қарағанды облысы мен Эскишехир провинциясы арасында ынтымақтастық және экономикалық қатынастарды орнықтыру туралы келісімге қол қойылды.

«Сіздің аймақпен нақты қандай салаларда ынтымақтастық жүргізетінімізді әзірге айқындамадық. Екі аймақтың мүмкіндіктерін әрі қарай барынша терең зерттей жатамыз. Біз Қазақстан кәсіпкерлерін біздегі бизнес ахуалмен танысып, Түркияда бірлескен қазақ-түрік кәсіпорындарын ашу үшін Эскишехирге шақырамыз», - деп түрік провинциясының губернаторы Г.Туна «ИФ-Қазақстан» агенттігіне атап көрсетті.


Н.Әбдібеков Қазақстан мен Түрік Республикасы аймақтары арасындағы жан-жақты ынтымақтастық дамып, нығая беретініне сенім білдірді.