Қарағанды облысының әкімі облыстағы қалалар мен аудандар әкімдерінің орынтағынан үміткерлерді таныстырды

Мәселен, Приозерск, Сәтпаев, Теміртау қалалары мен Ақтоғай, Нұра және Осакаров аудандарының әкімдігінен үміткерлер ретінде екі адамнан таныстырылды. 12 үміткердің 10-ы "Отан" партиясының мүшелері. Облыс басшысы журналистердің алдында олардың әрқайсысына сипаттама беріп өтті.

Н.Нығматулиннің пікірінше, әкімдердің сайланбалылық үрдісін жалғастыра беру қажет. "Бұл халық расында оң резонанс туғызады",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздегі аудан әкімдерінің сайлауы 20-қазанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясының сайлау алдындағы шаралардың жоспарына сәйкес, қыркүйектің 5 мен 19 аралығында үміткерлердің аты ұсынылса, үміткерлерді тіркеу қыркүйектің 10 мен 24 аралығына белгіленді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары тіркеу аяқталған күннен басталып, 18-қазанға дейін жалғасады. Сайлау нәтижесі 26-қазанда жария етіледі. Сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, әкімдерді тиісті мәслихаттардың депутаттары сайлайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті