Қарағанды облысының әкімі Қарағанды әкімдігіне сын айтты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жолдарды жөндеу және ұстау, көлік қозғалысы, автобус тұрақтарын көріктендіру мәселелері талқыланды.

"Бұл мақсатқа бөлінген қаражат көлемі жылдан-жылға ұлғая түсті, сол себепті қарағандылықтар нақты нәтижелерге көз жеткізуге тиіс. Ал осы жұмысқа жүйелі көзқарас жетіспейді, барлық жөндеу жұмыстарының сапасына қойылатын бақылау әлсіз", - деді облыс әкімі.

"Әрине, орталық көшелерге, алаңдар мен гүлзарларға белгілі бір дәрежеде назар аударылғанымен, қаланың аумағы осымен шектелмейді ғой", - деді Н. Нығматулин.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі қала басшылығына бірқатар тапсырмалар беріп, оларды орындайтын мерзімді белгіледі.