Б.Әбдішевке қатысты тұтқында ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңі - 23 мамыр сағат 17.00-ге дейін ұзартылды, делінген облыстық сот хабарламасында.
Бұрын хабарланғандай, Б.Әбдішев былтыр 23 қыркүйекте өз үйінде ұсталып, Қарағады ІІБ оқшаулағышына жеткізілген болатын. Оған кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан және қызметтік бабын теріс пайдаланған деген айып тағылды.