Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев екі айға қамауға алынды (ФОТО)


«Бауыржан Әбдішев екі айға қамауға алынды», - деп сот қаулысымен Қазыбек би аудандық сотының судьясы Бақыт Ахметова таныстырды.

Әбдішевтің қорғаушылары үйін кепілдікке қою арқылы оны босатуды сұраған. Қарағандының бұрынғы әкімі ҚР ҚК 307-бабы - «Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану» бойынша айыпталып отыр.

Айта кетейік, 23 қыркүйектен 24-не қараған түні Қарағанды облысының бұрынғы әкімі қызметтік өкілеттікті теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын.