Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Нығматулин "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлы

1962 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген.

Саяси ғылымдар докторы.

Институт бітіргеннен кейін "Карагандаоблгаз" өндірістік бірлестікте инженер, автоколонна бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары Қазақстанның ЛКЖО-ң Ленин аудан комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстанның ЛКЖО-ң ОК комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстанның ЛКЖО-ң Қарағанды ОК-ң хатшысы, бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.

1990-1993 жылдары - Қазақстанның жастар ұйымдарының комитетінің төрағасы; 1993-1995 жылдары - қазақ-американ "Тенкри" бірлескен қәсіпорынның президенті.

1995 жылдан 1999 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Президенті Икімшілігінің мемлекттік инспектор, ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002 жылдан 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар вице-министрі.

2004 жылдың маусымынан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Икімшілігі басшысының орынбасары.

2006 жылдың қаңтарынан бастап - Қарағанды облысының әкімі.

"Құрмет" ордені және екі медальмен марапатталған.

Үйленген. Үш ұлы бар.