Қарағанды облысының экс-әкіміне жаңа жұмыс табылды

«Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген Президенттің жарлығында.

Еске салайық, бүгін Н.Назарбаев Қарағандыда болып, облыс әкімін алмастырды. Экс-әкім Нұрмұхамбет Әбдібековтің орнына Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болған Ерлан Қошанов тағайындалды.