Жобаның мақсаты - табысы төмен деңгейдегі 94 іріктелген ауылдық елдімекендегі денсаулық сақтау , тұрмыс сапасы мен тазалық деңгейін жақсарту, сумен қамтамасыз ету болып табылады.
Қарыз сомасы 7 млн. ислам динарын (9,451 млн. АҚШ долл.) құрайды. Қазақстан Республикасының үкіметі бөлетін қаржы көлемі 1,863 млн. АҚШ долларынан аспайды. Жылдық проценттік ставка 2,5 процент . Қарыз беру мерзімі жеті жылдық жеңілдікті мерзімді қоса алғанда 25 жыл болып табылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті жоба бойынша атқарушы агенттік болып отыр. Заң жобасы мәжілісте талқыланған кезде баяндама жасау міндетін үкімет ҚР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаевқа тапсырған.