Қарағанды облысының Кеңгір ауылында малдардың аусыл дертін жұқтыру дерегі анықталды

Аусылмен ауырған мал Жезқазғанның Кеңгір ауылында анықталған. "Диагнозды "Республикалық мал дәрігерлік зертхана" РМКК Жезқазған аймақтық бөлімшесінің зертханасы қан сынамасын тексеру жолымен растады",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, малдардың өлу дерегі тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта індетті жұқтырған малдар бөлектеп ұстауда, дертті жұқтырмаған малдарды індетке қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Іс-шараны жүргізуге тоғыз адамнан тұратын үш мал дәрігерлік бригада жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Жезқазған әкімінің мал-дәрігерлік - санитарлық ережелерге сәйкес ауылда шектеу шараларын жүргізу туралы шешімінің жобасы әзірленуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті