Қарағанды облысының көлік инспекторлары бір күннің ішінде 162 көлік жүргізушісін әкімшіліктік жауапқа тартты

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, "облыста 1 -10 сәуір аралығында кір көліктерді жүргізуге тыйым салуға, мемлекеттік номерлерді анық көрінуіне және көлік әйнектеріндегі "тұмшалау-тонировкаларын" талаптарға сай жасауға арналған "Таза қала " акциясы жүргізіледі".

"Біздің қала Астана, Алматы қалаларынан кейін бірінші болып республикалық "Таза қала" акциясын өткізуді қолдады. Бұл акцияны өткізу барысында мемлекеттік органдардың көліктерімен қатар жеке иеліктегі көліктер де тексеріледі", - деді баспасөз қызметінде.

Акцияның бірінші күн қорытындысы бойынша Қарағанды облысында көліктердің әйнектерін қараңғылап тұмшалағаны үшін 162 көлік жүргізушісі әкімшіліктік жауапқа тартылды.

"Сондай-ақ, мемлекеттік номерлері көрінбейтін көліктерді жүргізген деректерге қатысты 26 әкімшіліктік іс толтырылды ", - деп атап өтті баспасөз қызметі.