Қарағанды облысының Курминка ауылында тәртіп сақшылары жұмыссыз еркектен 372 килограмм марихуана тәркіледі

"Көкнәр" атты шұғыл алдын алу шараларының барысында Алматы - Екатеринбург тас жолының бойында Курминка ауылының маңында полиция қызметкерлері ВАЗ-2102 көлігін тоқтатқан, оның салонынан 372 килограмм марихуана табылды. Есірткі тәркіленіп, ешқайда жұмыс істемейтін 35 жастағы еркек ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды.