Қарағанды облысының прокуроры қызметінен босатылды

Қарағанды облысының прокуроры Асқар Секішев өз ықтиярымен қызметінен босатылды деп хабарлады Sputnik Қазақстан ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



"Бас прокурордың 2016 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрығымен Қарағанды облысының прокуроры Секішев Асқар Асанханұлы өз ықтиярымен қызметтен босатылды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.  Бас прокуратурада айтылғандай, заңмен бекітілген мерзімде Секігевке заңнама талаптарына сай қызмет ұсынылатын болады.