ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, 19 - 20 наурызда Қарағанды облысының делегациясын бастап барған Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин, ірі кәсіпорын басшылары, облыстық сауда өндірістік палатасы мен кәсіпкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, Абу -Даби әмірлігінде бірқатар кездесулерді өткізді.
" Абу -Даби әмірлігінің сауда-өндірістік палатасының басшысы Салах Салем аш-Шамиси атап өткеніндей, Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық қарым қатынастар жылдан жылға дамуда. Бұған екі мемлекет басшыларының жиі кездесулері және жуырда ғана болған Қазақстан Республикасының СӨП делегациясының сапары дәлел бола алады", - деп жазылған СІМ баспасөз хатында.
Кездесу нәтижесінде Қарағанды облысының сауда өндірістік палатасы мен Абу -Даби арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды
Сонымен қатар, екі елдің кәсіпкерлері тиімді салалар бойынша қарым қатынас жасау мәселелері бойынша келіссөздерін өткізді ", -деп атап өтті хабарламады.
Кездесу кезінде, сонымен қатар Абу-Даби әмірлігінде экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Насер Ас-Суейдимен экономика саласындағы түрлі секторлар бойынша екі жақты ынтымақтастық жасау мәселелері талқыланды. Қарағандының облыс әкімі Насер Ас-Суейдиді жақын айларда Қарағандыда өтетін халықаралық инвестициялық форумына қатысуға шақырды. Абу-Даби әмірлігінің экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры бұл шақыруды ризашылықпен қабылдап, форумның ойдағыдай өтетініне сенімділігін білдірді.