13 шілдеде Шахтинскіде жалпы нормадан ауытқыған құбылыс болды, шиенің көлеміндей бұршақ жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қарағанды облысы Шахтинск қаласында шамамен 13:30-да қатты жел соғып, жаңбыр жауды, артынша шиенің көлеміндей бұршақ жауды. Ауа райының құбылысы ұзаққа созылған жоқ, бұршақ қаланың кейбір жерлеріне ғана түскен.
"Шахтинскінің кей жерлерінде бұршақтың көлемі болар-болмастай, ал бізде тым үлкен. Мен көлігім бүліне ме деп қорқып кеттім, - дейді Шахтинск тұрғыны Татьяна Качесова. - Қызанақ пен картоп ағашы құлап қалды". Қала орталығына бұршақ мүлдем түспеген.