Қарағанды облысының Шет ауданының әкімі тағайындалды

Қ. Тілеубергенов Қарағанды мемлекеттік университетін 1981 жылы бітірген. ЖОО бітіргеннен кейін Шет ауданының білім беру жүйесінде, комсомол және партиялық органдарда жұмыс істеген. 1991 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Аудан әкімі болып тағайындалғанға дейін осы аудан әкімінің орынбасары болған.

Ал бұған дейінгі аудан әкімі Рысқали Әбдікеров басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметінен босатылды.