Тұмсық ауылында 20 үй және 3 жабайы құстың қырылу оқиғасы тіркелген. Зертханалық тексерулер бойынша "құс тұмауы" деген диагноз дәлелденуге байланысты карантин енгізіліп отыр.
Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, Тұмсық ауылында барлығы 312 тауық пен 20 қаз бар. Қора-жайлардағы клиникалық тексеру кезінде 36 тауық пен 1 қаздың ауырғаны анықталды. Ауырған құстардан алынған сынамалар "РВЛ" РМҚК-ның Ақмола аймақтық филиалына зерттеуге жіберілді. Зерттеулер нәтижесінде 29 сынаманың екеуінен А 1 түріне жататын тұмау вирусына қарсы түзілетін антитело табылды.