Қарағанды облысының тұрғыны граната мен оқ-дәрі тауып алды

Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Молодежный кентінде Гидроқұрылысшылар көшесінің бойындағы үйлердің жанында 14 маусымда сағат 12.00 кезінде 69 жастағы ер азамат граната мен оқ-дәріге ұқсас заттарды тауып алды. Оқиға орнына жедел әрекет ету топтары жетіп, ол жер қоршауға алынды. Жүргізілген арнайы шаралар нәтижесінде табылған заттардың Ф-1 гранатасы, 7,62 калибрлі 19 оқ екені анықталды, оның ішінде 5 оқ мылтыққа, 13-і - «Наган» револьверіне, біреуі «ТТ» тапаншасына тиесілі екендігі анықталды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жарылғыш заттарды залалсыздандыру тобы қауіпті заттарды жою үшін алып кеткен.