«Қарағанды облысының Ақтас ауылының 30 жастағы тұрғыны билік өкіліне күш көрсеткені үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 321-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 12 тамыз күні кешке Саран қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік инспекторының көмекшісі қоғамдық тәртіпті бұзған мас адамды ұстаған. Оны полиция бөліміне әкелгенде ер адам полиция қызметкерінің қолына пышақ салған.
Ұсталған адамның осыған дейін істі болғаны және жазасын толық өтемегені белгілі болды.