Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 100 мың гектар далалық алқап өртеніп жатыр

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 100 мың гектар далалық алқап өртеніп жатыр. Өрт 9-шілдеге қараған түні Үмбек қыстауына таяу жерде шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер бірден жіберілді. Қарағанды облыстық өртке қарсы күрес қызметінің хабарлауынша, 10-шілде күні оқиға орнынан желдің күшеюіне байланысты өрт шарпыған аумақтың ұлғая түскені туралы ақпарат келіп түсті. Қазіргі жағдаймен 100 мың гектар аумақты жалын шарпыды. Тілсіз жаумен күреске сол маңдағы шаруа қожалықтарынан шыққан еріктілер де көмекке келді. Ақтоғай ауданындағы өрт те одан әрі жалғасуда. Мұндағы өрт орманға қарай ойысқан. Қазір онда 100 гектар орманды алқап пен 500 гектар дала өрт құшағында. Өртке қарсы күрес қызметі жергілікті тұрғындармен тізе қосып, тілсіз жаумен күресуде.