Қарағанды - Өскемен - Қарағанды бағытындағы жаңа әуе рейсі ашылды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "тасымалдаушы "Авиационная компания Тулпар Авиа Сервис" АҚ болып табылады. Ұшақтың түрі - АН-24. Осы бағыттағы жолаушылар тарифі бір жағына 8 мың теңге, ал екі жағына - 16 мың теңгені құрайды".

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі "Ішкі әуе тасымалына субсидия бөлу" республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында 2007 - 2009 жылдар ішінде республиканың ірі өнеркәсіптік және әкімшілік орталықтарын өзара жалғайтын 14 жаңа облысаралық әуе бағыттарын ашуды жоспарлап отыр.

Министрліктегілер, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының аймақтарында әуе қатынастарының желісін құруға, транспорттық кәсіпорындардың тарифтік саясатын мемлекеттік реттеу және әсер етуге, халықтың әуе көліктерінің қызметін пайдаланатын бөлігін жалпы жолаушылар ағымының 6 пайызынан кем емес өсіруге себепші болатындығына сенімді.

"Бүгінде аталмыш бағдарлама бойынша Астанадан жеті облыс орталығы мен республиканың Павлодар, Қостанай, Петропавловск, Талдықорған, Тараз, Семей және Жезқазған сияқты ірі қалаларына тұрақты әуе қатынастарын ұшыруды жалғастыруда",- деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігіндегілер.

Ертең, 30-қарашада Қарағанды - Қызылорда - Қарағанды бағытындағы тағы бір әуе қатынасы ашылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті