Қарағанды полициясы ауыз судың жарамсыздығы туралы қауесет таратушыларды жауапқа тартты


ІІД Ақпарат жəне мемлекеттік тіл басқармасы бастығы Бақытжан Құдияровтың айтуынша,"Қарағанды су" ЖШС бас директоры Табиғат Зейнолқабдин қауесет таратып, елді дүрліктіргендерді жауапқа тарту жөнінде полицияға шағымданған.
Сəуірдің 13-інде Қарағанды тұрғындары WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы белгісіз біреулерден: "Құбырдағы ауыз суды осы аптаның соңына дейін пайдалануға болмайды.  Барлық сорғы жүйелері мен тазарту құрылғылары су астында қалды" деген ақпар алған.
Бұл қауесетті Қарағанды əкімінің баспасөз қызметі жоққа шығарды жəне барлық сумен қамту нысандарының қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.
"Қалаға беріліп жатқан ауыз су барлық талаптар мен нормаларға сай. Кəсіпорын журналистерді шақырып, бас сорғы станциясы, су тазарту жүйесі жəне зертхана жұмысымен таныстыруға дайын", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.