Қарағанды полициясы Корея азаматшасын өлтірген күдіктілерді ұстады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 13-қыркүйекте Қарағандыда 34 жастағы Корея азаматшасы Ким Чен Хи кісі қолынан қаза тапқан болатын. Ол "Степной-4" ықшам ауданында екі баласы және жұбайымен бірге тұрып жатқан. Корея азаматы болып табылатын оның күйеуі Қарағандыда жұмыс істейтін "Родник" шіркеуінде пастор көрінеді. Шетелдік отбасы Қазақстанға іскерлік визамен 2004-жылдың сәуір айында келген.

Полиция күдіктілердің ұсталуы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты бүгін, 16-қыркүйекте Қарағанды қалалық ІІБ-да өтетін брифингте жария етеміз деп уәде беруде.