Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды


«Риза Мүкеева Қарағанды әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, «Мемлекеттік активтер мен сатып алу бөлімі» ММ басшы орынбасарының міндетін атқарушы болып Асхат Мақаев тағайындалды.
Р.Мүкеева бұған дейін Қарағанды қалалық салық басқармасын басқарды. Одан бұрын облыстың басқа өңірлерінде салық қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет еткен. «Экономист», «заңгер» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.
А.Мақаев тағайындалғанға дейін «Қазақстан» республикалық ұлттық телерадиокорпорациясы облыстық филиалының заңгері болып жұмыс істеді.