Қарағанды, Қызылорда облыстарында жол жабылды - ТЖК


Қарағанды облысында 29 ақпанда  ауа райының нашарлауына байланысты (жол бетінің ылғалды болуы) «Қызылорда-Павлодар» жолының 216-424 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ Қызылорда облысында 29 ақпанда  ауа-райының нашарлауына байланысты (жол бетінің ылғалды болуы) «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасына дейін» республикалық маңыздағы автожолы учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды (12-216 шақырымы Қызылорда қаласы - Қарағанды облысы шекарасына дейін).