Қала құрылысының кадастр орталығы қолға алған игі іс желтоқсан айында аяқталып, көпшілік назарына ұсынылмақ. Мамандардың айтуынша, бүгінде кеншілер астанасында 185 мыңдай нысан бар. Сол ғимараттардың 2 мың есеге кішірейтілген көшірмесі арнайы принтерде құйылып, картаға желімделмек. Нысанның көлемі әрі қандай құрылыс материалынан салынғаны толық ескерілген. Мамыр айында басталған жұмыс аяқталуға жақын.
Картаның ұзындығы - 17, ал ені 11 метр болады. Алып картаны алдағы уақытта сәулетшілер мен қаланың бас жоспарын жасайтын мамандар пайдаланады. Әрі жергілікті тұрғындардың да тамашалауына мүмкіндік туып отыр.