Қарағанды тергеу оқшаулағышынан қашқан тұтқындар ұсталды


Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.
Қашқындар Қарағанды орталығындағы пәтерде кеше сағат 20.30-дар шамасында ұсталды.
«ІІД басшысы генерал майор Мергенбай Жаппаров пен ІІД басшысының орынбасары полковник Қайрат Дүйсембеков басқарған ІІД жедел тергеу тобы тұтқындарды қолға түсірді», деп прокуратура мәлімдеді.
Жоғары лауазымды тұлғалар қашқындарды ұстауға тікелей өздері қатысқан.
Бұрын хабарланғандай, сотты болған екі адам жексенбі күні тергеу оқшаулағышынан қашып кеткен. Олар тергеу оқшаулағышының құрылыс жұмыстары жүріп жатқан әкімшілік корпусының терезесінен темір торды алып тастап қашып кеткен.