Қарағанды тұрғыны Жоғарғы сот ғимаратында өзін өртемек болды

Қарағандыдан келген тұрғын бүгін Жоғарғы сот ғимаратында өзін өртемек болған.


           52 жастағы ер адам тал түсте Жоғарғы сот фойесіне кіріп, күзетшілерге бензин құйылған бөтелкені көрсетіп, өзіне өрт қоймақшы екенін айтқан.
           Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Жоғарғы сот баспасөз қызметінің басшысы Евгений Дробязко мәлімдеді.
           Ол өзін тыныш ұстады, бірақ бастапқыда ол өзіне өрт қоятынын айтып ешкімді маңына жолатпады, дейді ол.
           Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер шақырылды.
           Өзін өртемек болған азаматты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау алқасының төрағасы қабылдады.
           Ер адам Қарағандыда азаматтық іс бойынша бірнеше сот процесінде жеңіліс тапқаны анықталды. Жоғарғы сотқа өтініш білдірген, алайда қадағалау өндірісін қозғау жөніндегі өтініші қанағаттандырылмаған