Қарағанды: Үйлерін тасқын құлатқан тұрғындардың баспаналары салынып бітер емес

Мұстафин ауылы мен Нұра станциясындағы қазіргі тірлік қарбалас. Әкімдер уәде еткенімен құрылысшылар үлгермей жатқандықтан, мұндағы көшелерде енді студенттер қаптапты. Қолдарына күрек пен тырма ұстаған 200-ден аса студент Қарағандыдағы оқуларын тастап осы ауылдарда жүр. Құрлысшыларға баспаналардың болашақ иелері де қолдан келгенше көмектесіп жатыр екен. Қоныстану күнін 2 рет жаңартқан әкім-қаралардан сенім кеткен соң көмектесуге мәжбүрміз дейді. Өйткені, күн болса суытып келеді, ал кейбір баспанадағы жұмыстың жартысы да бітпеген. Облыс басшылығы болса, енді 1-ші қазанда қарық боласыңдар деп 3-ші уәдесін беріп жүр.

Екатерина Кононова, Нұра станциясының тұрғыны:

- 5 ай болды күткенімізге. Үйдің сырты ғана бітіп қалды. Бірақ әлі ішкі жұмыстары жетерлік.

Loading...