Қарағанды және Павлодар облыстарында далалық өрттер шықты - ТЖМ

Атап айтсақ, баспасөз қызмтеінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысы, Бухар-Жырау ауданында 18 қыркүйекте 12 сағат 15 минутта далалық өрттер шығып, өрт аумағы 1000 га құрады. "Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 28 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында, 18 қыркүйекте 21 сағат 09 минутта 800 га аумақта далалық өрт шықты. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "өртті сөндіру жұмыстарына 15 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 13 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті