Мәселен, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 14-маусымда 3 сағат 10 минутта Сымтас және Шұбарқұдық елді мекендері маңында 4500 гектар аумақты қамтыған далалық өрт шықты. Ал Сымтас маңындағы 3000 гектар аумақты шарпыған өрт 13 сағат 30 минутта сөндірілді. Шұбарқұдық ауданы маңындағы өрт жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге 30 адам мен 7 техника жұмылдырылды.
Қарағанды облысының Бұхар Жырау ауданында 1500 гектар далалық аумақты қамтыған өрт шықты. Өртті ауыздықтауға 38 адам мен 6 техника шығарылды.
Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Құнды көл және Жаңатілек ауылдық округтері маңында дала өртеніп жатыр. Тілсіз жау 1600 гектарды жалмады. Өртті сөндіруге 43 адам мен 13 техника жұмылдырылды.
Тағы бір өрт Павлодар облысы Лебяжы ауданында шықты. "Ертіс орманы" мемлекеттік орманды табиғи резерваттың Бесқарағай филиалы Көктал орман шаруашылығында 14-маусымда 19 сағат 30 минутта найзағай салдарынан өрт шығып, 120 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге 74 адам мен 12 техника жұмылдырылды.
Министрлік мәліметі бойынша бұл өрттердің барлығында да адамдар зардап шеккен жоқ. Таяу жатқан елді мекендерге де қатер төніп тұрған жоқ.