"Биыл 23-шілдеден бастап 48 жасар әйел білім беру сапасын, тәжірибе және кәсіби бағыт-бағдар жұмысын мониторингтан өткізу бөлімінің бастығы болып жұмыс істей жүріп өзге жоғары оқу орындарынан ауысқан студенттердің құжаттарын қабылдаған. Ол студенттерге оқудың жылдық төлемінің 25 пайызын тікелей өзіне төлеп тұру қажет екендігін айтқан", - деді Е. Әбішев.
Тергеу барысында оның алаяқтық іс-әрекеттеріне тап болған студенттердің барлығы бірдей полицияға шағымданбағаны мәлім болды. Өйткені, көптеген студенттер өзге елді мекендерде тұрады. Әзірге тергеушілерге әйелдің әр студенттен 15 мың теңгеден алған 18 оқиғасы белгілі.
"Әйел тергеу барысында студентерден алған ақшаны несиесін өтеу үшін жұмсағанын айтқан. Ол әйелде кішкентай сәбиі болуы себепті оған қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған", - деді Е. Әбішев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті