"1-ші ЖЭО 300 қызметкерінің 87-сі жұмыстан кету туралы өтініш жазды және бұл олардың саны күннен күнге өсіп келеді",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Баспасөз қызметкерлерінің айтуынша, бұл Қарағандыда жылу маусымының аяқталуына әкеп соқтыруы мүмкін.
"Энергетикатер "Қарағнды-Жылу" мекемесінің басшысына бірнеше рет жалақыларын көтеру туралы өтініш білдірген, бірақ олардың өтініштері қанағаттандырылмаған. Оған жалғыз себеп бар - жұмысшылардың жалақыларын тарифтер көтерілгенде ғана өсіру мүмкін болып отыр, ал тарифті көтеруге моратория жарияланған. Сондықтан да жалақыларын жақын арада көтеру мүмкін емес. Осыған байланысты адамдар кәсіпорыннан шықпақ ниетте", деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, соңғы рет энергетиктердің жалақылары өткен жылдың қаңтарында 30 пайызға көтеріліп, кәсіпорын бойынша орташа жалақы 30 мың теңгені құраған.