Қарағандыда 25 тамызда мүмкіндігі шектеулі балаларға мектеп дайындығына көмектесу мақсатында "Оқу маусымы" қайырымдылық акциясы басталады

"Қор өкілдері қарағандылықтардан және әртүрлі меншік формасындағы ұйымдардан аз қамтылған отбасылардың мүгедек балаларына мектеп құрал-жабдықтарын жинауға көмектесуді өтінеді", - деп хабарлады Т. Кравченко.

Қор директорының түсіндіруінше, акцияға қатысу үшін кез келген қолдан келетін көмек жасасаңыз, атап айтқанда, бірнеше дәптер, қалам қарындаштардың жиынтығын алып берсеңіз болғаны. Оқушыға қажет болуы мүмкін кез келген кеңсе тауарлары қабылданады.