жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.
«Арыздар келіп түсті. Тексеру жүріп жатыр. Оның нәтижесіне байланысты тиісті шешімдер қабылданады», - деді Ж. Сембеков.
Қарағанды қаласының Мақажанов атындағы клиникасына түрлі деңгейдегі үсікпен тұрақты мекенжайы жоқ 4 ер адам мен бір әйел адам түсті. Олардың сөзіне қарағанда, Қарқаралы ауданындағы қыстақтардың бірінде құлдың күйін кешкен. Орайы келіп, ол жерден қашып шыққан екен.