Табиғатында бар жыртқыштық қасиетін қаршадайынан білдірген екі шөнжік әлі келсе адамға атылудан тайынбайды. Туғанына үш ай болса да бақтың ырымшыл қызметкерлері тіл көзден ада болсын деп жалпақ жұртқа жаңалықты енді ғана жариялап отыр. Арқаның қысына шыдаған екі шөнжік едәуір ширап та қалған. Әзірге бұлардың жынысын да анықтап ешкім қарамапты. Амур жолбарыстары осы баққа 2010 жылы Ташкенттен жеткізілген екен. Бұл сиреп бара жатқан тұқым болған соң бойына төл біткенін көргенде бақтағылар қатты қуанғанын жасырмайды. Өйткені Қарағандыда соңғы рет осыдан 15 жыл бұрын бенгаль жолбарысы ғана балалаған екен.
Loading...