Қарағандыда ардагерге ерекше сый жасалды

Әлемдегі 80 милллионға жуық тұрғын тіркелген онлайн режимдегі ойынды 2008 жылы белорусьтар ойлап тапқан. 2012 жылы ойынға ТМД елдерімен қатар Америка мен Еуропа қосылды. Қазіргі таңда оның бір эпизодының өзіне 100 мыңдай адам қосылып, кескілескен ұрысқа қатысады екен. Осы ойыннан біздің елде өткен біріншіліктің жеңімпаздары соғыс ардагері Исмагил Галлиулинді әскери полигонға алып келіп, танкімен қауыштырды. Беларусь майданында Т-44-тің қыр-сырын меңгеріп, жеңіс туралы хабарды Берлинде, танктің ішінде естіген қарияға осылайша құрмет көрсетілді. Қарт ардагер «компьтерлік ойынды қайдам, шын соғыста жанымызды шүберекке түйіп жүрдік»,-дейді.


Исмагил Галлиулин, ҰОС ардагері:

-Немістердің «Тигр» деген танкісі өте қиын қарсылас еді. Оған қарсы жүргенше өлдім дей бер. Сондықтан оны жанына кеп алдыңғы доңғалағын бұзып қана тоқтататынбыз. Ойында да сондай шығар, бірақ соғыс деген жақсы дүние емес