Қарағандыда арыстан күшіктеді

Абдандардың түсі ақшыл, өздері әлсіз дейді мамандар. Әдетте төлдерін бес күннен кейін емізбей қоятын енесі осы жолы бір ай бойы бұларға еміреніп жүр. Әйтпесе, оңтүстік африкалық арыстан осыған дейін 7 рет төлдепті. Туылған абдандардың жалпы денсаулығы жаман емес. Бірақ оның еркегін басқа жақтың арыстанына ауыстырып, қан жаңарту жоспарланып отыр екен. 

Ерсін Әкежанов жыртқыш аңдар бөлімінің қызметкері:  


-Ресейден еркегін еркекке айырбастаймыз. Бұл қан айырбастау ғой . Енді бір екі үш күннен кейін ет бере бастаймыз