Қарағандыда әскери бөлімде өрт шықты, құрбан болған ешкім жоқ

Мекеме ақпаратына сәйкес, ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөліміндегі өрт кеше 22 сағат 14 минутта шыққан. "Әкімшілік-тұрмыстық корпустағы шифер шатыр мен ағаштан жасалған жабындар мен қабырғалар өртенді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өрт орнынан азаматтық қорғаныс полкының жеке құрамының 350 адамы басқа жаққа көшірілді.

Өрт 23 сағат 9 минутта шоғырландырылып, 23 сағат 30 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің күштері сөндірді. Өрт жалпы 850 шаршы метр аумақты шарпыды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті