Қарағандыда әскери қызметкер өзін-өзі атып өлтірді

Жексенбі күні ауруханаға жеткізілген 34 жастағы еркек жан сақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды облыстық медицина орталығынан.

Қарағанды гарнизонының тергеу басқармасы хабарлағандай, оқиға аға сержант, №36352 әскери бөлімнің танк бөлімшесі командирінің өз үйінде болған. Оқ жүрекке тиген көрінеді.

«Ол өзін өзі өлтірді. Бұған отбасындағы қиындықтар түрткі болған болуы мүмкін деген пікір бар», - дейді басқармадағылар.


Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.