Қарағандыда аттракционға мінген қыз өлімнен аман қалды

Бұл кезде аттракционға 8 адам мінген екен. Темір арқан үзілген соң, балалар отырған орындық бағананың ортасында тұрып қалған. Төмен түсіру үшін арнайы техниканың көмегі қажет болыпты. Ал темір арқан басына тиген 10-is сынып оқушысы үйіне келгенде ғана өзін жайсыз сезініпті. Халі нашарлап бара жатқасын жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілген. Енді оқушының ата-анасы аттракционнның қожайынын сотқа бермек.


Әйгерім Нұркелдина, зардап шегуші:  

-Отырған орындығымыз құлап, тас -талқанымыз шығар ма деп қорықтым. Темір арқан басыма тигенін білемін. Қазір басым айналады. Тұра алмаймын.

Loading...