Caravan Logo

Қарағандыда атыс болып, 2 адам зардап шекті

Қарағандыда атыс болып, 2 адам зардап шекті

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарап кетті. Тәртіп сақшылары оқиға 9 маусымда болғанын растады. 

"Белгісіз біреу сөзге келісіп, тіркеуде жоқ қарудан екі адамға оқ атқан. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жарақат алғандар мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Қарағанды облысы ПД департаменті өкілдері. 

Полицейлер аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының, 3-бөлігі бойынша іс қозғады.