Қарағандыда ауа райы жағдайына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Қазіргі уақытта Қарағандыда және облыста күн райы бұзылды. Боран соғып, айналаны көру нашарлап, ауа температурасы 6 градус нөлден төмендеді.

Жол полициясы хабарлағандай, қазір тек республикалық маңызы бар жолдар жабылған. Серіктес қалалар мен жақын маңдағы елді мекендерге сапарға шығуға мүмкіндік бар. Алайда, бұл жолдардың да жабылуы ғажап емес.